Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы мен «Түркістан Инвест» компаниясының сүйемелдеуіндегі бұл инвестициялық жобаның жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінде «Capable group» компаниясының өніміне сұраныс жоғары. Құны 2 млрд теңгелік инвестициялық жобаның 70%-ы – қазақ инвесторына, ал, 30%-ы «AROYAL ROYAL Hijyen A S» түрік компаниясына тиесілі.
Кәсіпорын минутына 600-ге дейін жаялық шығаруға қабілетті. Толық қуатымен жұмыс істегеннен кейін жылына 500-600 миллион дана жаялық шығаруға қауқары жетеді.
Инвестор өз өнімдерін Еуразиялық одақ және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді.
Сайрамда шығарылатын марка атаулары: «Saby Bala» «Bope Live» «Nomad Baby» «Baby Still «Royal» «pro Active baby» және «still Medical».