Түркістан облысында жағдайы жақсы жолдардың үлесі 87%-ға жетті

Dalanews 24 қыр. 2021 13:19 1102

Түркістан облысы аумағындағы  автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі қазіргі таңда 79%-ды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 87%-ға жеткізу көзделуде. Жоспар бойынша жол жөндеу жұмыстары  кезең-кезеңімен жүргізіліп,  2025 жылға дейін сапалы жол үлесі 99,5%-ға жететін болады. Бұл туралы брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95%-н ретке келтіру тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2021 жылы автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1 664,7 шақырым жол мен көшелерді қамту жоспарланса, биыл 1 149,9 шақырымы пайдалануға беріледі.



«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 410 көпір орналасқан. Аталған көпірлердің 378-і жақсы және қанағатты жағдайда болса, 35 көпір (20 күрделі, 15 орташа) жөндеуді қажет етеді. Биыл олардың 3-н күрделі жөндеуден өткізуге қаржысы қаралып, 2 көпірдің жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 1 көпір қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Күрделі жөндеуді қажет ететін қосымша 6 көпірдің ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде», - деді Ролан Бекмағамбетұлы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар