Жоба аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен еріктілер жасақталып, Түркістан облысының бірқатар аудандарындағы мектептерде ағылшын тілін тереңдете отырып оқып-үйрету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асқан болатын.
Сонымен бірге АҚШ-тан еріктілер келіп, Созақ, Төлеби аудандарында балаларды ағылшын тілін үйренуге баулыды.
Бүгін Түркістан қаласында жоба аясындағы жұмыстардың қорытындысына арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиында жобаны жүзеге асыруға қатысқан бірқатар азаматтарға "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалының, "Жас Отан" жастар қанатының "Алғыс хаттары" табыс етілді. Жастар қанатының төрайымы Жұлдыз Намаздың қолынан марапат алғандардың қатарында Созақ аудандық "Жастар ресурстық орталығының" директоры, "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Жеңісәлі Төлепбергенов, І.Кеңесбаев атындағы ЖОМ директорының м.а. Суханберді Шараффутдинов, аталған мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақсәуле Құтжановалар да бар.
Dalanews.kz