Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі – 122 мың га, мал азықтық дақылдар – 213 мың га, майлы дақылдар көлемі – 91,4 мың га, масақты дақылдар– 226,9 мың га, мақта дақылы – 118 мың га аймаққа егілетін болады.
Бүгінгі күнге 505 мың гектар жаздық дақылдардың 206,4 мың гектары, яғни 40 пайызы отырғызылған. Сондай-ақ, облыста жер айдау жұмыстары - 424 мың гектарға, ал сор шаю жұмыстары 113 мың гектарға межеленіп, толығымен орындалды.
Айта кетерлігі, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінген. Дизель отынының босату бағасы сәуір айынан бастап литріне шаққанда 160 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 25 теңгеге арзан.
Бұдан бөлек, 93,5 мың тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 3,75 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі таңда облысқа «КазАзот» АҚ және тыңайтқыш өндірушілер мен тарапынан 27 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, 7 мың тоннасы тауар өндірушілерге үлестірілген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан 5,3 млрд. теңге несие қаржы қаралып, 2,6 млрд. теңгеге 654 жоба мақұлданып, 1 млрд. теңге 112 тауарөндіруші қаржыландырылды.
Облыста агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алынған болатын. Нәтижесінде, 2019 жылы 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 9 млрд. теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, биыл өңірде 8 мың гектарға ерте пісетін қырыққабат егіліп, сәуір-мамыр айларында 300 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
https://dalanews.kz/52195