Түркістан облысында білім саласында 2,4 млрд жымқырылған

Көркем Алдабергенова 06 қаң. 2025 10:42 946

Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.
 
Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.
 
Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгенің мүліктеріне тыйым салынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар