– Дәстүрге айналған ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қоғамда үлкен мәртебеге ие. Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі - қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Сондықтан да әрбір сөзді, оқиғаны таратуда шынайылық пен адалдық қағидаларын сақтау барынша маңызды деп білемін. Еселі еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер! – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сондай-ақ, облыс басшысы БАҚ саласында еңбегі сіңген ардагерлерді «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалімен, сала үздіктерін облыс әкімінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Бұдан өзге, мерекелік шарада саладағы үздік ұжымдар мен журналистер анықталды. Биыл облыстағы дәстүрлі «Үздік телеарна» номинациясын - «Ontustik» және «Айғақ» телеарналары жеңіп алды. Ал «Ең үздік аймақ тілшісі» аталымы – «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі Бақытжан Дәуітов пен «КазАқпарат» ақпараттық агенттігінің тілшісі Айнұр Ақбаеваға бұйырды. Дәстүрлі «Үздік басылым» номинациясын – «Рейтинг» газеті иеленді. Сондай-ақ, тележурналистика саласындағы «Алтын микрофон» номинациясы – Ардақ Жақсылықова лайық деп танылды. Мерзімді басылым журналистеріне арналған «Алтын қауырсын» сыйлығы Айдар Құлжановқа бұйырды. Ал «Үздік аудандық, қалалық басылым» номинациясында Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газеті жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, салтанатты кеште БАҚ қызметкерлері Облыс мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Грамоталырымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен, ҚР Журналистер Одағы облыстық филиалының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Бұдан өзге, «Оңтүстік өнімі» байқауының жеңімпаздары анықталып, жүлделер тапсырылды. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.