Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Мониторинг барысында базардағы азық-түлік бағасы тексеріліп, тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды. Базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу жөнінде айтылды. Мемлекетіміз қауіпті дертпен күресіп жатқан сәтте ел азаматтары бір-бірін қолдап, адамгершілік сақтауы тиіс. Азық-түлік бағасының өспеуі «Nur Otan» партиясы мен облыс әкімдігінің тікелей бақылауында болады.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 72 базар бар. Оның ішінде 14-і мал базары, болса, 4 автокөлік және 54 әмбебап базар халыққа қызмет етеді. Ал Түркістан қаласында 8 базар жұмыс істейді. Оның үшеуі – әмбебап базарлар.
Түркiстан облысында төтенше жағдайға байланысты сауда нысандары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, жұмыс істеу уақытын сағат 10-нан 18-ге дейін шектеді. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек оралған күйінде сатылуы тиіс.
Облыс орталығындағы «Əзиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылардың саны қалыпты, жасанды азық-түлiк тапшылығы жоқ.
Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймалар мен ірі сауда нысандарында 19 атаулы тауардан 30 878 тн. сақталуда. Бұл көрсеткіш күнделікті өзгеріп тұратыны белгілі. Жалпы азық-түлік қоры жеткілікті.