Түркістан облысында «Ақсукент-Қарамұрт» жолы пайдалануға берілді

Dalanews 23 қыр. 2021 12:02 807

Түркістан облысында орташа жөндеуден өткен «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Ақсукент-Қарамұрт» бағытындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдың жалпы ұзындығы 22,5 шақырым. Өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары барысында 14,8 шақырым жолдың жарамсыз бөлігі бұзылып қайта реттелсе, 7,7 шақырым жолға асфальтобетон жамылғысы төселген.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елді мекендердің ішіне жалпы 10 шақырым жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ, автокөліктердің жол жиегіне тоқтауына ыңғайлы жағдай жасау және жол жиегінің бүлінуін болдырмау мақсатында құмды шағал-тас қоспасы төселген. Одан бөлек, Ақсукент, Қарамұрт елді мекендерінде көліктерге арналған автотұрақ салынған.

Айта кетейік, нысанның жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс берген, ал «Корпорация «Сити-Строй» ЖШС-і мердігер ретінде қатысқан. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші мекемесі, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» тұрақты қадағалауында болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар