Қазіргі таңда өңірде ерте піскен қырыққабат өнімі Түркістан қаласындағы «Алтын бұлақ» базары, 13 әлеуметтік дүкен және 5 ірі супермаркеттерде 1 кг – 60 теңгеден сатылымға шығарылды (шекті баға – 65 теңге/кг). Бұл бекітілген шекті бағадан төмен.
Сонымен қатар, биыл тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында қосымша 2000 тоннадан астам азық-түлік тауарларын (қарақұмық жармасы – 220 тн; қырыққабат – 535 тн; 1 сұрыпты бидай ұны – 153 тн; қант – 502 тн; күріш – 243 тн; макарон өнімдерін – 61 тн; күнбағыс майы – 357 тн) сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылы «Айналым схемасымен» 0,01% -бен 5 кәсіпкерлік субъектілеріне 115 млн. теңге несие беріліп, нәтижесінде 870 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатылуын қамтамасыз етсе, биылғы жылы кәсіпкерлік субъектілерімен қатар, ет, сүт, тауық еті, жұмыртқа және көкөніс өндірушілерге 400 млн. теңгеге дейін несие қаржы беру көзделген.