Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамға қатысты іс: үкім қайта қаралмақ

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамға қатысты іс: үкім қайта қаралмақ
видео кадры

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамға қатысты іс бойынша үкім қайта қаралмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді. Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралады", - деп жазылған Түркістан облысы прокуратурасы хабарламасында.