Түркістан облысында 170 мыңға жуық сайлаушы дауыс берді

Dalanews 25 шіл. 2021 12:06 253

Бүгін облыстағы 241 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасауда. Жалпы саны 166 үміткер 60 ауыл округі әкіміне сайлауға түседі. Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64%-ы дауыс берген, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Олардың жалпы саны - 168 605 адам. Бұл туралы облыстық сайлау комиссияның төрағасы Әлібек Өмірәлиев брифингте мәлімдеді.Оның айтуынша, бүгін Түркістан облысы бойынша жалпы 60 сайлау округінде 265 146 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.

Таңғы сағат 07:00-де басталған дода кешкі 20:00-де аяқталады. Сайлауға қатысатын 1 549 сайлау комиссияларының мүшелері бетперделермен, арнайы қолғаптармен, антисептиктермен жеткілікті түрде қамтылған.

Дауыс беруге келетін сайлаушылар мен басқа да азаматтарға антисептиктер, термометрлер орнатылған. Келген сайлаушыларға бетперделер дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дәрігер мамандармен қамтылып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар