Түркістан облысы халқының 85,5% газбен қамтылған

Жарбол Кентұлы 20 мам. 2025 18:03

Түркістан облысының 90 пайызға жуық халқы табиғи газбен қамтылған. 2024 жылдың қорытындысымен республика халқының орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4% құраған. Оның ішінде, Түркістан облысы халқының 85,5% немесе 563 елді мекеннің 69,7%-ы табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші бойынша республикада 8-орынға жайғасқан.

Өткен жылы бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлініп, 115 нысан құрылысы іске асырылды. Оның ішінде, 70 нысан құрылысы аяқталса, 45-і 2025 жылға өтпелі. Биылғы жоспарға сәйкес, 64 нысанға 9,7 млрд теңге қаралып, 34 елді мекендегі 38 нысан құрылысы аяқталмақ.

Сондай-ақ, 2026 жылға өтпелі 26 нысанға 23,5 млрд теңге қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Энергетика министрлігі арқылы «Самұрық-Қазына» қоры есебінен облысқа 9,4 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл қорытындысымен 45 елді мекендегі, яғни 84 мың халық табиғи газға қосылады.

Нәтижесінде 89,4% облыс тұрғыны табиғи көгілдір отынмен қамтылмақ.  Сонымен қатар, құны 25,7 млрд теңгені құрайтын 45 нысан республикалық бюджеттің кезекті нақтылауына ұсынылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар