Түркістан облысы Ресеймен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатты

Dalanews 07 қар. 2018 11:10 780

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінде сырт елдермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып ісіне айрықша мән беріп келеді.



Жыл басынан бері Түркістан облысына көптеген шетелдік инвесторлар келіп, түрлі келсім-шарттарға қол қою біздің сөзімізге айқын мысал болады. Солардың бірі Ресейден келіп, Түркістан облысы шаруаларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге ықылас танытқан «Фудсиб» компаниясының әрекетін айтуға болады. Бүгінде аталған компания көтерме және бөлшек сауда ісімен айналысады. Олар Түркістан облысындағы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін Ресейге экспорттау арқылы екі ел  арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мүдделік танытқан болатын. Қазіргі таңда екі жақты келсім аясында түркістандық шаруалар көрше елге өндірген өнімдерін еркін экспорттап, еңбегінің зейнетін көріп отыр.

Жалпы аумағы 80 мың шаршы метрді құрайтын «Фудсиб» көтерме және бөлшек сауда кешені Ресейдің Новосібір қаласында орналасқан.  Сауда кешеніне ТМД елдері мен Ресейдің өзге де аймақтарынан азық-түлік тауарлары тасымалданады. Аталған сауда орнында  салқындатқыш қоймалар мен демалыс кешендері, ресторандар мен 200 ауыр жүк көлігіне  арналған арнайы тұрақ жұмыс істейді.  Жылына мұнда 120 мың тоннаға жуық көкөніс пен жеміс-жидек саудаланады.

Айта кетейік, өткен жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Фудсиб» сауда кешені арасында екіжақты  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, «RIC ON EXPORT» бағдарламасы іске асырды. Жобаның басты мақсаты – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің экспорттық әлеуетін дамыту болып табылады. Аталған келісім аясында Новосібір қаласына оңтүстікте өндірілген  ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілуде.

Екіжақты келісімге сай бүгінде  «ОҢТҮСТІК» АИО «RIC ON EXPORT» ауылшаруашылық өндірушілерінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасының шеңберінде орталықпен қаржыландырылған ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен «RIC ON KORME» атты тұрақты көрме-жәрмеңке ұйымдастырып келеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар