ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАТЫР АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ ДАУЫС БЕРДІ

Жарбол Кентұлы 06 қаз. 2024 16:34 194


Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны, ұлт-азаттық көтерілісінің сардары, батыр Амангелді Имановтың шөбересі Ғалымжан Нұрахов та бүгінгі референдумда дауыс берді.

Ал батырдың немересі Рысбай Рахымбаев 10 перзентінен бүгінде 50-ден астам немере сүйіп отыр. Бүгінгі өтіп жатқан референдумда батырдың ұрпақтары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.


«Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие»-дейді батырдың шөбересі Ғалымжан Нұрахов.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар