Түркістан әуежайы антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін 14,3 млн теңге айыппұл төледі

Көркем Алдабергенова 23 ақп. 2026 12:12

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.

Осыған байланысты «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.

Тергеп-тексеру барысында «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.

Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove