– Қарлығаш, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп келген 500 ғалымның ішінде өзіңіз де бар екенсіз. Лингвистика саласы бойынша Германиядан жиған тәжірибе, біліміңізді елге қалай сіңіріп жатырсыз? Түрік тілінің маманы ретінде не бере аласыз?
– Иә, мен түрік тілінің маманымын. PhD дәрежесін Түркияда алдым. Қазір «Жас ғалым: постдокторантура» жобасындағы кеңесшім Түркияның Хажеттепе университетінің профессоры.
«500 ғалым» жобасы аясында Германияның Майнз Иоханнес Гутенберг университетінің түркология институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болдым. Тағылымдама аясында еуропалық ғалымдардың ғылыми семинарларына қатыстым. Ғылыми жетекшім профессор Юлиан Рентш мырзаның бағыт-бағдар беруімен және сұхбаттасу негізінде «Германия түркология мектептері, орталықтары мен ЖОО-ның ғылыми және білім беру қызметінің кейбір аспектілері» деген тақырыпта шолу мақаласын дайындадым. Ол мақала болашақта Еуропада білім алғысы келетін, тағылымдамадан өтетін жас мамандарға бағыт-бағдар береді деген мақсатпен жазылды.
Түрік тілінің маманы ретінде болашақта Атырау университетінде «Түркология» білім беру бағдарламасының ашылуына көмектескім келеді.
Атырау университеті Азия университеттері ассоциациясының мүшесі ретінде Ш. Рашидов атындағы Самарқан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «Өзбекстан-Азия 2023» VI студенттер форумына қатысты. Форум жұмысы Самарқан қаласында 5-8 қыркүйек арасында ғылыми жоба, спорттық ойындар, мәдени бағдарламалар бағыты бойынша секциялық жұмыстар аясында өтті. Атырау университетінің атынан «Экология» бағыты бойынша ғылыми жетекші Анар Тілепбергенова және «Маркетинг» бағыты бойынша ғылыми жетекші Мейрамкүл Дингазиеваның жетекшілігімен жобалар қорғалды.
Форум аясында Халықаралық байланыстарды арттыру мақсатында Хорезм Мамун университетімен екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Болашақта студенттер мен ғалымдар академиялық ұтқырлық пен бірлескен ортақ жобалар жасауға мүмкіндік беретін болады.
– Жалпы, «Болашақ» аясында білім алған немесе тәжірибе жинақтап келген мамандар ірі қалаларда ғана жұмыс істейді деген пікірге көзқарасыңыз қалай? Өңірде еңбек етіп жүрген маман ретінде халықаралық байланыс бойынша қандай ілікімді жобалар іске асты?
– Қазір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жұмысымды жалғастырып жатырмын. Жалпы, өңірде маман жетіспеушілігі бар екені белгілі. Мысалы, менің мамандығым бойынша айтатын болсам, студенттер түрік тілін көп таңдайды. Бірақ оған мұғалім жоқ. Өзім үшін өңірлік университеттің берген мүмкіншілігі көп. Бұл жас ғалым жобасын ұтуыма, шетелдік тағылымдамадан өтуіме жол ашты. Себебі, бәсекелестік аз деп ойлаймын.
Ал, «болашақтың» түлегі ретінде өмірдегі университтің халықаралық байланысын нығайтуға атсалысып келеміз. Мәселен, биыл Атырау университетіне минстрліктің қаржыландыруы бойынша 3 шетелдік ғалым келіп, дәріс оқиды. Бұдан бөлек, «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 10 шетелдік ғалым өз тәжірибесімен бөлісіп, атыраулық білім алушылармен бірескен жобаларды іске асырады деп жоспарланған. Бүгінде олардың бірнешеуі Х.Досмұхамедов университетінде оқу жылының басынан бастап дәріс беріп келе жатыр.
Бұдан бөлек, университетте қос диплом жобасын да іске қосты. Бұл мақсатта Х.Досмұхамедов университеті Түркияның Нийде Омер Халисдемир университеті мен Ресейдің Астрахан мемлекеттік университеті арасында келісім бар. Онда түркі тілдері кафедрасында қазақ тілі пәні оқытылады. Соған сәйкес, қазақ тілі мамандығы бойынша магистратура деңгейінде қос диплом бағдарламасын бекітілген. Сонымен қатар, Карабюк университетімен физика, математика және IT бағдарламасы бойынша қос диплом беру бағдарламасы әзірледі.
Биыл атыраулық 3 ғалым Польша, Түркия елдірінен ілім алуға барады. Бұдан бөлек, Түркі кеңесінің «Орхун» бағдарламасы бойынша 15 оқытушы шетелдік университеттерге барып тәжірибе алмасады деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Атырау университетіне келген шетелдік ғалымдар дәріс қана беріп қоймай, оқытушы-профессорлармен бірлкен жобалар жасап, халықарадық ғылыми журналдарға мақала шығаруға да атсалысады.
– Елімізде «Болашақ» түлектері қалай бағаланады? «Кейде осы бағдарламаның шапағатын көргендер өздерін басқалардан жоғары санайды» деген пікірге не дейсіз?
– Болашақ – ол бренд. Бағдарлама түлектеріне ерекше ықылас бар екені сезіледі. Менің ойымша, түлектердің алған білім мен тәжірибесін пайдалану керек. Шетелдік тәжірибені көрген адам еріксіз сол жақта көрген игі дүниелермен еліміздегі жүйені салыстырады. Өзін осы ортаға лайық емеспіз деп ойлайтындар да бар болар. Алған білімдеріне сай өзіне сенімділік артатыны белгілі. Алайда, барлығымыз қарапайым отбасынан шыққанбыз. Шетелде оқып келгендіктен өзімізді басқалардан жоғары санау деген түсінік жоқ. Ол қате.
– Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Тіл маманы ретінде жастардың ана тіліне деген құрметі қандай? Қазақ тілі мен түрік тілінің өзара тілдік ерекшелігі туралы айта кетсеңіз.
– Тіл мәселесі әлі шешімін таппай келеді деп есептеймін. Қазіргі жастар және орта буын өкілдері қазақ тілін меңгеруде ынталы. Осы уақытқа дейін барлығы орыс тілінде ғана сөйлеп, ойларын орыс тілінде жеткізуге бейім болды. Европада оқып жүрген қазақ жастарының ватсап чаттарында бәріне дерлік ортақ тіл орыс тілі екені қынжылтты. Алайда, бұл мәселе жылдан жылға өз шешімін табатынына сенімім мол. Қазақ пен түрік – түбірі бір тілдер екені мәлім. Қазақ тілі – қыпшақ тобы, түрік тілі – оғыз тобына жатады. Түркі тектес туыс тілдер болған соң ортақ тұстарымыз жетерлік. Ұқсастық белгілер тек тілінде емес, мәдениетінде, дінінде, салт-дәстүрінде, дүниетанымында да көрініс табады. Тілдік ерекшеліктердің болуы да тарихи кезеңдердегі әртүрлі сабақтастыққа байланысты болған.
– Атырауда түрік тілін үйрететін «Төмер» орталығы ашылған екен. Сол жөнінде кеңірек айтып берсеңіз...
– Атырау университетінің жанынан Түркияның Ержиес универститетінің қолдауымен Төмер орталығы ашылды. Бұл орталықта білім алып, сертификат алған студенттеріміз бен профессор-оқытушылардың «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуына, екі жақты келісімшарт негізінде Түркия университеттерінде білім алып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. 500 ғалым бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтетін үміткерлердің түрік тілін үйреніп, тілдік сертификат алуына мүмкіндік береді.
Алайда, бұған дейін Қазақстанда түрік тілін үйрететін тіл курстары көп болғанымен, академиялық негізінде тілді білу деңгейтін анықтап, сертификат беретін орталық болған жоқ. Сондықтан да, отандастарымыз тілідік тестілеуді Түркияға барып тапсыратын еді. Енді Атыраудан ашылыған «Төмер» орталығы түрік тілін оқытып қана қоймай, халықаралық білім бағдараламаларына қатысуға жарамды сертифтикат беретін тұңғыш орталық ретінде жасақталды.
Түрік тілін оқыту орталығы қазақстандық студенттердің Түркияда білім алып, оқытушы-профессорлардың ғылыми тағылымдамадан өтуіне алтын арқау болған «Болашақ» бағдарламасы мен «500 ғалым» жобасына, «Орхун» академиялық ұтқрылық бағдарламаларына қатысуға зор мүмкіндік тудыратыны анық.
Бұл түрік тілін оқытып, тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификаты халықаралық дәрежеде жарамды - Қазақстандағы тұңғыш орталық. Алдағы уақытта, Атырау өңірі тұрғындарына оффлайн, Қазақстанның басқа өңіріне онлайн түрік тілін оқытып, Төмер сертификатын беретін болады.
– Қазір қандай жобалардың басы-қасында жүрсіз?
– Бүгінде «Шеврон» компаниясының қолдауымен Атырау ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізіп жатқан Жоба менеджері курсында идеяны жобаға дейін жеткізу курсынан өтіп, ғылыми және әлеуметтік жобаларды басқару жолдарын үйрететін тренер болуға авторлық тренингімді ұсындым. Сондай-ақ, Академия ғылыми-өндірістік бірлестігінің Ойлау дизайны авторлық тренингін жүргізу үшін арнайы конкурстан өттім. Мұнымен қоса Мемлекеттік басқару академиясының Атырау филиалында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу тақырыбы бойынша дәріскермін.
Біз студенттерге жан-жақты бағдарламалар ұсынуды тоқтатқан жоқпыз. Стратегиямыздың негізгі бағыттарының бірі интернационализация бойынша Түркияның бірқатар университеттерімен келісімшарт жасалды. 18 студент пен 1 оқытушы 14 күндік Кайсери Ержиес университетінің «Жазғы мектеп» бағдарламасына қатысты. Одан бөлек Нийде Өмер Халисдемир университетімен «Шетел тілі» мамандығы бойынша ортақ білім беру бағдарламасына қол қойылды. Сонымен қатар Чанаккале 18 март университетімен қосдиплом бағдарламасын жасау туралы келісімшартқа қол қойылып, алдағы уақытта студенттерімізге пайдалы бағдарламалар жүзеге асады деген жоспарымыз бар.
– Сұхбатыңызға рақмет!