Бүгінгі күні «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «KAZAKH INEVST» ҰК» АҚ-ның көмегімен «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС бірлескен қазақстан-түрік кәсіпорнында медициналық құрал өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
«COVID-19 бойынша аурудың өсуі аясында денсаулық сақтау органдары қосымша 3-4 мың ӨЖЖ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл аппараттардың сериялық өндірісі 2020 жылдың сәуірінде Түркияда іске қосылды.
Бүгінгі таңда Biyovent ӨЖЖ Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жұқпалы аурулар орталығына сынақ жүргізу үшін ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өндірісті оқшаулау туралы шешім қабылданады", - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ № 2 жобалармен жұмыс департаменті жобасының жетекшісі Әмір Ахметов.
Мамандар атап өткендей, Biosys – Түркиядағы биомедициналық жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші компания. ӨЖЖ Түркия кәсіпорындарының тек ішкі өндірістік мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзірленген және өндірілген. Бұл аппарат Түркияның Ғылым, өнер кәсіп және технологиялар министрлігінің және Билкент Технопаркінің көмегімен 5 жылдық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі.
Biyovent ӨЖЖ зияткерлік қауіпсіздік жүйесі мен ыңғайлы интерфейсі бар. Құрылғы әртүрлі пациенттер тобымен (неонаталды, балалар, ересек) үйлесімді, кеңейтілген адаптивті бақылаудың озық алгоритмдерін қолданады. Аппаратты қысқа мерзімде 100-ге жуық инженердің қатысуымен ASELSAN, Bilkent, Biosys, Arçelik түрік компанияларының консорциумы пысықтады.