Бүгінде Түркияда құрастырылған қайық пен яхталар дүниежүзінің 125 еліне экспортталған. Осылайша қайық пен яхта сату Түркия экспорттайтын өнімдердің 0,6 пайызын құраған. Түрік ағайында алдағы уақытта бұл бағытта қарқынды жұмыс істеп, су көліктерін өзге елдерге саудалауды арттыруды көздеп отыр.
Қайық пен кеме жасау Түркияда кең тараған кәсіпке айналып отыр. Бүгінде Түркияның 26 қаласында су көлігін құрастыратын ірілі-ұсақты кәсіпорындар жұмыс істейді. Қайық өндіретін негізгі кәсіпорындар Стамбул қаласында орналасқан. Мұнда сыртқа экспортталатын өнімдердің 52 пайызы өндіріледі. Бұдан кейінді орындарда Ялов, Изми, Бурса, Анкара қалалары тұр.
Биыл Түркияда өндірілген қайық пен яхталарды Норвегия сатып алып, бұл үшін 215 млн доллар жұмсаған. Бұдан кейін Пәкістан (37 млн доллар), Маршаллов аралдары (29 млн доллар), Кувейт (27 млн доллар), Ирландия (24 млн доллар) тұр.
Түркияның қайық және яхта жасаушылар қауымдастығының (GYHİB) Джем Севен жыл басынан Латын Америкас елдеріне сүйреуіштер (буксир) экспорттауда да қомақты табыс тапқандарын алға тартты. Ол соңғы жылдары Түркияның кемеқұрастыру саласы сапалы өнімдерімен әлем елдерінің назарын аударып отырғанын алға тартты.