Біз, қазақтар өз тарапымыздан Түркияның – Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі ең алғашқы мемлекет екенін ұмытпаймыз. Қазақтардың басынан өткен аумалы-төкпелі заманда бауырлас түрік жұрты отанынан айырылған, туған жерін қоныс аударуға мәжбүр болған мыңдаған қазақты бауырына басты. Оларға жер, баспана, басқа да жеңілдіктер берілді.
Ең бастысы біз Сіздердің өз мүдделеріңіз бен ұстанымдарыңызды қорғаудағы іс-әрекеттеріңізді қолдаймыз және құрметтейміз. Ұлы Осман империясының ұрпақтары, бауырлар, дәл қазіргідей қиын шақта Сіздерге – бірлік пен ынтымақта болуды тілейміз!