– Бұл біздің өткен тарихымызға елеулі еңбегі сіңген ардагерлерге деген құрметтің белгісі. Өскелең ұрпақтың жадында өткен тарихымыз жаңғырып тұруы үшін аталған демалыс орны мен еңселі ескерткіштің алар орны ерекше болмақ, – дейді аудан әкімі Айбек Қосуақов.
«Балықшылар» демалыс орнында кіреберіс арка, спорттық шынығу алаңы, балалар алаңы, автотұрақ пен шатырлы орындықтар және еңселі «Балықшылар» ескерткіші орнатылады.
Ескерткіш авторы Б.Салаев. Мүсіннің биіктігі – 3,60 метр болса, тұғыр биіктігі 2,20 метрді құрайды. Демалыс орны биыл пайдалануға беріледі.