Түнгі автожарысқа Алматының полиция басшыларының қызметтік көлігі қатысқан ба?

Көркем Алдабергенова 26 нау. 2026 10:36

Алматыдағы Әл-Фараби көшесінде үш адамның өліміне әкелген жарысқа қатысушылардың бірі полиция қызметкері болған деген күдік бар. Бұл туралы депутат Мұрат Әбенов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заңгер Молдахан Әділетхан Алматыда жарысқан бес көліктің ішінде полиция департаменті басшылығының орынбасарының қызметтік көлігі жүргенін айтады. 

"Бір күнде бір миллион теңге айыппұл алған. Оның айыппұл салынғанда жүрген жылдамдығын көрсең... Жалған нөмірмен жүрген. Білгенін істеп жүр. Көлік демалыс күні автошаруашылықта тұруы керек. Қандай хаттама жазылса да түнде жеке мақсатта пайдалануға болмайды. Оны инспекторлар да тоқтата алмайды. Бұған президент әкімшілігі де, ішкі істер министрі де назар аударуы керек", - дейді заңгер. 

Еске салайық, 21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған. 009JET мемлекеттік нөмірлі Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болған еді. Салдарынан үш адам оқиға орнында жан тапсырды. 

Артынша Алматыда рейдтік шаралар күшейтілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove