Түлкібастың туристік әлеуеті артып келеді

Dalanews 29 қар. 2018 07:35 833

Түлкібас ауданына ағымдағы жылдың 10 айында 13 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 700 адам шетелдің азаматтары. Жалпы өңір - этнотуризмді дамытуға қолайлы аймақ.

Алдағы уақытта аймаққа келушілердің саны арта түседі деп жоспарлаудамыз. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді.

Бұдан өзге, аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны - 57,2 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандар - 54,2 мың адам.


«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды  даярлау бойынша  бес оқу орнымен келісім-шарт түзіліп, 195 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды. Ал жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Бастау-бизнес» жобасы негізінде 166 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 157 адам сертификат алып, 52 азаматқа 207,8 млн. теңге несие берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 142 азамат жіберілді», - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Сонымен қатар, ауданда 18 мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберіндегі  26 балабақшада жалпы 6560 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 97,8 пайызды  құраған.

Инфрақұрылым бойынша аудандағы 62 елді мекеннің 59-ы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Көгілдір отынмен қамтуда аудандағы 62 елді мекеннің 60-ы газбен қамтылған. Автожол саласы аудандағы 5 елді мекеннің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 149,8  млн. теңге бөлініп, оның 145,5 млн. теңгесі игерілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар