Өткен жылы ауданда «А-Спектор» серіктестігі минералды су өндіру цехы іске қосқаны белігіл. Қазіргі таңда кәсіпорын қарқынды жұмыс істеп, қарпайым халықты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынды іске қосу үшін 2 миллиард 45 миллион теңге жұмсалған болатын. Мұнда 35 адамға жұмыс орны ашылғанын да айта кетуіміз керек.
Сол сияқты биыл «Майлыкент Сүт» АТК сүт өңдеу зауыты қуаттылығын екі есеге арттырып, күніне 20 тонна сүт өндейтін деңгейге жетті. Мұндай нарықта бәсекеге қабілетті, өніміне сұранысы зор кәсіпорындарды мейлінше көбейтудің маңызы зор.
Бұл тұрғыдан ауданда құрылысы қолға алынған индустриалдық аймақтың берері мол болады деп күтілуде. Абайыл елді мекенінің маңынан 30 гектар жер бөлініп, осында инфрақұрылымның сыртқы жүйесінің құрылысы жүргізуге 552,8 миллион теңге бөлінген болатын.
Инфрақұрылым құрылысының ішкі жүйесінің техникалық экономикалық негіздемесін және жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 6 миллион теңге қарастырылып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған аймаққа тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жалпы құны 3 миллиард 549,9 миллион теңгелік 4 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Dalanews.kz