Түлкібаста медиация аясында атқарылған жұмыстар сөз болды

Dalanews 14 қар. 2018 13:09 828

Түлкібас ауданында сотқа дейінгі медиацияны енгізу және «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдарының теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мінбеге шыққан Түлкібас аудандық сотының төрағасы – Маратәлі Өсербайұлы аудан аумағында медиация аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, жалпы медияция жүйесінің артықшылықтарын айта отырып, аудан аумағында медиация жүйесін күшейту мақсатында аудан басшысына ұсыныстарын айтты.

Кездесу барысында келесі сөз кезегін алған Қазақстандағы медиаторлар басшысы – Эльмира Әлішерқызы жалпы республикада медиация жүйесі аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аудан аумағында сотқа дейінгі медиация аясында атқарылып жатқан істерге он бағасын берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің теологы Халықов Медет аталмыш тақырыпта баяндама жасады.


Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы, ауданға арнайы келіп, кездесу өткізген қонақтарға аудан тұрғындары және өз атынан алғысын білдіріп, ауданда сотқа дейінгі медиация жүйесін дамыту мақсатында айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтты. Сондай-ақ ауылдық округ, кент әкімдеріне әр округ, кенттерден 1 медиатордан оқытуды ұйымдастыруларын тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар