Су құбырымен қамтылған 59 елді мекеннің 58 елді мекенінде тәулігіне 24 сағат, тек Машат ауылында ғана ауыз су кестемен берілуде.
Биыл аудандық бюджеттен су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге біраз қаржы жұмысалды. Айталық, үстіміздегі жылы 47,0 млн. теңгеге Ұрбұлақ, Кемербастау, Ақбиік, Қызылбастау, Рысқұл ауылдарының ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткен. Ал су көздерінің химиялық және бактериологиялық жұмыстарына 45,3 млн. теңге жұмсалғанын да айта кетуіміз керек.
Сонымен қатар Балықты, Шақпақ, Азаттық, Машат, Састөбе, Түлкібас, Бақыбек ауылдарындағы ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құруға жобалық сметалық құжат (ЖСҚ) дайындауға 29,8 млн. теңге қарастырылып, оның 17,1 млн. теңгесі игеріліп, тиісті құжат дайындалғанын айта кетуіміз керек.
Ал газдандыру бойынша Түлкібас ауданында Иірсу, Азаттық, Қабанбай ауылдыран көгілдір отынмен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу үшін 14,6 млн. теңге қарастырылып, казіргі таңда қажетті әзірленуде. Ал Кемербастау ауылы Балтабай мен Жаңа көшелерін газдандыруға 2018 жылы 73,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілгені.