"Туған жерді таза ұстау - жалпыұлттық мәселе": Астанада 1 млн жасыл желек отырғызылады

Сағыныш Сардарова 27 сәу. 2024 21:14 2251

Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 1,1 миллион жасыл желек, соның ішінде қала аумағында 35 мың, елорданың жасыл белдеуі аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар, қаладағы 170 қоғамдық орынды, оның ішінде Есіл өзенінің бойын, Ақбұлақ жағалауын, сондай-ақ Триатлон паркі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО маңын абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Астана әкімі былтыр елорданы көгалдандыру жарғысы қабылданғанын атап өтіп, аталған құжатқа сәйкес егілген жасыл желекті 3 жылға дейін күтіп-баптау міндеті жүктелетінін және үлкен ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызуға басымдық берілетінін жеткізді.

Президентке "Мыңжылдықтар аллеясын" дамыту жоспары және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы жөнінде баяндалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар