Трамп Қазақстанды Ресей мен Қытайдан құтқармақшы

Dalanews 14 жел. 2016 16:50 771

АҚШ сарапшылары Дональд Трамптың Қазақстанмен арадағы байланысын нығайтуға кеңес беруде. The Daily Signal басылымында “Трамптың Қазақстандағы мүддесі. Ол не үшін маңызды?” деген атпен мақала жарияланды. 

Мақалада Трамптың Қазақстанның тәуелсіздік алуын ғажайыпқа балағаны жазылған.

Америкалық сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы ядролық қарулану мүмкіндігі мен қос бүйірдегі Ресей мен Қытайдың ықпалы, Ауғанстан мәселесі, сонымен қатар Орта Азиядағы діни экстермизм қаупінің жоғарылығы Трамптың Қазақстанмен әріптестікті нығайтуына түрткі болуы тиіс.

Нақтырақ айтар болсақ, Трамп Американың Қазақстандағы ықпалын арттыруы тиіс, дейді сарапшылар.

«Соңғы сегіз жылда Орта Азия аймағы АҚШ-тың назарынан тыс қалып қойды. Егер Трамп Американың әлемдегі қуатын қалпына келтіргісі келсе, алдымен Қазақстаннан бастауы керек”, – делінген материалда.

 

Дереккөзі: naryk.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар