Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады

Сағыныш Сардарова 12 қаң. 2026 09:19

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсеткен жазба жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Онда Дональд Трамп 2026 жылғы қаңтардан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқаратыны көрсетілген. Сонымен қатар, ол АҚШ президенті ретіндегі қызметін де сақтап қалғаны жазылған.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро ұсталғанын мәлімдеген болатын. 

Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Венесуэлаға және ел басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операция жүргізген. Оның сөзінше, Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланған. Операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар