Трамп Мексикадағы наркокартельдерге қарсы әскери операцияны жариялады

Көркем Алдабергенова 09 қаң. 2026 14:51

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп АҚШ-тың жақында Мексикадағы наркокартельдерге қарсы әскери соққыларын бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Трамптың сөзінше, қазірге дейін су арқылы келетін 97% есірткі тасымалын тоқтатып үлгерілген, ал ендігі жоспар - картельдердің жер үстіндегі базалары мен жолдарына соққы беру.

«Наркокартельдер Мексиканы бақылауда ұстап отыр. Бұл елде не болғанын көріп тұрып, жан ауыртады», - деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар, АҚШ президенті америкалық әскерлер қыркүйектен бастап Венесуэла жағалауында есірткі тасымалдауда қолданылатын кемелерге әуе және теңіз шабуылдарын жүргізіп жатқанын айтты. Бұған дейін Трамп Латын Америкасы мен Кариб теңізі аймағындағы наркокартельдерге қарсы әскери операцияны Мексика мен Колумбияны да қамтуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар