АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жоспарланған әскери соққылардың тоқтатылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеранмен жүргізіліп жатқан келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу байқалады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Трамптың сөзінше, болашақ келісімнің негізгі шарттары АҚШ-пен бірге Израиль, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Түркия, Пәкістан, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Мысыр және өзге де мүдделі тараптармен алдын ала келісілген. Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы теңіз блокадасы түпкілікті бітімге қол жеткізілгенге дейін күшінде қалмақ. Келісімге қашан және қай жерде қол қойылатыны алдағы күндері белгілі болады.
AFP агенттігінің мәліметінше, Трамп журналистерге берген сұхбатында құжатқа осы демалыс күндері Еуропада қол қойылуы мүмкін екенін айтты. Алайда Ақ үй басшысы рәсімге өзі қатыспайтынын жеткізді.
14 маусымда 80 жасқа толуына байланысты келісімге қол қою шарасында АҚШ атынан вице-президент Джей Ди Вэнс қатысуы ықтимал.
Соған қарамастан, Иран билігі бұл мәселе бойынша әзірге түпкілікті шешім қабылданбағанын мәлімдеді.