Трамп: АҚШ Иранға қарсы әскери операцияға кірісті

Сағыныш Сардарова 28 ақп. 2026 13:38

Президент Дональд Трамп АҚШ Иранға ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған видеода айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дональд Трамп операцияның мақсаты Иранның ядролық және зымыран бағдарламаларын бақылауға алу екенін атап өтті. Ол Тегеран ешқашан ядролық қаруға ие болмайтынын айтты.

"Біраз уақыт уақыт бұрын АҚШ Қарулы күштері Иранда ауқымды әскери әрекетті бастады. Біздің мақсатымыз – Америка халқын қорғау, Иран режимінің тікелей қауіптерін жою. Бұл режимнің әрекеті АҚШ-қа, біздің әскерімізге, шетелдегі базаларымызға және әлем бойынша одақтастарымызға тікелей қауіп төндіреді", – деді ол.

Ол Иранға ядролық қару алуға мүмкіндік берілмейтінін тағы бір мәрте ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға соққы жасағаны, Тегеранда жарылыс естілгені хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove