"Той-томалақ тыйылмай тұр". Министр Цой карантинге қатысты ұсыныс жасады

Dalanews 18 там. 2021 08:58 678

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің қарауына карантинге қатысты бірнеше ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Ashyq жүйесін енгізгелі "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 46 067 адам анықталды. Олардың ішінде 29 930-дың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен екен. Қалғаны - науқастармен байланыста болғандар. Бұл статистика кейбір адамдардың үйде оқшаулану режимін сақтамай, халық көп жиналатын жерге барып жүргенін көрсетіп отыр. Осылайша, айналадағы адамдарға қауіп төндіреді", - деді Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оған қоса, шектеу шараларына қарамастан, той-томалақ тыйылмай тұр. Ондай жиындарға адам көп жиналады. Ал санитарлық ережелер сақталмайды.

"Осыған байланысты мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді сұраймын", - деп атап көрсетті Цой. 


Сондай-ақ, министр эпидемиологиялық жағдайды одан ары тұрақтандыру үшін бернеше ұсыныс жасады. Олар:

• "қою қызыл" және "қызыл" аймақтарда демалыс күнгі локдаунды жалғастыру;

• мониторингтік топтар жұмысын күшейту;

• халықты вакциналаудан көптеп өткізу;

• халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту;

• кәсіпкерлер ұсынысы негізінде Ashyq көшбасшылары үшін тиісті талаптарды жетілдіру.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар