Төрт айда жер қойнауын пайдаланушыларға 50 млрд теңге айыппұл салынды

Қаракөз Амантай 29 қыр. 2025 14:48

Қазақстанның Энергетика министрлігі мұнай-газ саласында келісімшарттық міндеттемелердің жаппай бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылдың маусымынан бері жүргізілген тексерістердің нәтижесінде компанияларға салынған айыппұлдар мен берешектердің жалпы сомасы 50 млрд теңгеге жеткен. Оның тек шамамен 1 млрд теңгесі ғана өтелген.

Бүгінде елде көмірсутектерді барлау мен өндіруге байланысты 327 келісімшарт бар: оның 133-і – барлауға, 12-сі – дайындық кезеңіне, 182-сі – өндіруге арналған.

Тексерістер басталғалы бері министрлік компанияларға 160-тан астам ескерту жолдады. Тек 2024 жылдың өзінде айыппұл көлемі 19 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар 2025 жылдың тоғыз айында міндеттемелерді орындамағаны үшін 11 келісімшарттың күші жойылды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, берешектерді өндіру жұмысы жалғасуда.

Бұған дейін Энергетика министрлігі мұнай-газ саласындағы жоспардан тыс тексерістердің нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушыларға 103,3 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлаған еді. Оның 93,4 млрд теңгесі сол кезде өндіріп алынған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар