Freedom Inside '26

Тоқтар Серік бала тәрбиесіне қатысты ерекше ұстанымын айтты

Тоқтар Серік бала тәрбиесіне қатысты ерекше ұстанымын айтты
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Тоқтар Серік бала тәрбиесіне қатысты өз көзқарасын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесінің сөзінше, қазіргі уақытта ата-ананың жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түскен. Ол балаларының күнделікті жүріс-тұрысы мен әдеттерін үнемі бақылауда ұстауға тырысатынын жеткізді.

Тоқтар Серік мұны балаларға сенімсіздік таныту емес, оларды түрлі қауіптен қорғаудың бір жолы деп түсіндіреді.

"Балаларымның қалтасын жиі тексеремін. Себебі қорқамын. Бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе шығып қалса ше? Қазір заман оңай емес. Баланы бақылау – әр ата-ананың басты міндеті", – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі балаларына бөтен адамдардан ештеңе алмауды, көшеде де, интернет кеңістігінде де сақ болуды жиі ескертетінін айтты.

Оның пікірінше, бүгінгі күні бала тәрбиесі тек ақыл айтып, бағыт көрсетумен ғана шектелмейді. Ата-ана баласына тұрақты көңіл бөліп, қажет кезде бақылау жасап отыруы керек.

Тоқтар Серіктің жары Бейбіт Сейдуалиева да күйеуінің бұл ұстанымын қолдайтынын жеткізді.