Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1 бөлігі 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Айта кетсек, бұған дейін Козачков телеграм-арнасында оның осы жылдың қаңтар айынан бастап елордада заңгер болып жұмыс істегені айтылған. Нақтырақ айтсақ, заңгерлік лицензиясын алған. Алайда ол жайында заңгерлердің бірде-бірі естімеген. Ал Yedilov каналының мәліметінше, Аян Атығаев Қарағанды облысының тумасы. Негізінен "Известия Казахстан" газетінде журналист болып та жұмыс істеген.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстаған еді.
"25 наурызда ҰҚК қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті "А" деген Қазақстан азаматын ұстады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұдан өзге, ҚР-да «А» әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофоб көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған.
Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындаған.
Сонымен қатар ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған.
Тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшек-бөлшекпен әкелінген.
https://dalanews.kz/bas-takyryp/80252-huawei-qazaqstandy-cifrly-memleketke-ayna
https://dalanews.kz/aimak/80334-elordanyng-iri-sauda-oryndarynda-abay