Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы соттың төрағасын қайта сайлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды, делінген жарлықта.
Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы сотын 2022 жылдың маусымынан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Ақмола облыстық сотының төрағасы және бірқатар өңірлік соттарда судья қызметтерін атқарған.