Тоқаев Зеленскиймен кездесті

Сағыныш Сардарова 23 қыр. 2025 09:00

Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар