Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Dala news.
Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.
Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне сенім білдірді. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмай, дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелуі тиіс екенін атап өтті.
