Тоқаев Тұрсынбектің бастамасына қолдау білдірді

Dalanews 24 қаң. 2020 02:54 296

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы  белгілі комик Тұрсынбек Қабатовтың ел азаматтарына жасаған үндеуіне қолдады, - деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

– Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама, – деп жазды президент Twitter-дегі парақшасына.


Айта кетейік, астаналық жастар әлеуметтік желіде қар тазалау челленджін бастады. Қала тұрғындарына аулаларын тазартып, видеоны #Бізбіргеміз хэштегімен жариялау ұсынылып отыр.

Нұр-Сұлтан әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, мұндай идеяны волонтерлер ұсынған. Бастаманы Тұрсынбек Қабатов, журналист Асхат Садырбай және "Назар аудар" театрының қатысушылары қолдады.

– Біздің қаламыз, еліміз – ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз, – деді қолына күрек алып, қар тазалауға кіріскен Тұрсынбек Қабатов.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» болып жарияланған болатын.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар