Тоқаев: "Смайылов? Жұрт жылап отыр. Үкіметке наразылығын айтып жатыр"

Dalanews 11 мау. 2023 11:37 854

Мемлекет басшысы қаза тапқан орманшылардың отбасыларымен кездесуде Абай облысының аумағында өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындалатынын мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін", – деді Тоқаев.

Президент барлық мәселе жақын арада шешілетінін айтты.



"Атқарушылардың барлығы осында. Сіздердің барлық қажеттілігіңіз бойынша тізім жасалады. Бүгін – жексенбі, келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштеріңіздің бәрі орындалады", - деді ол.

Мемлекет басшысы артынша Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді.

"Елімізде тағы да алапат өрт болып жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаумен күрес кезінде азаматтарымыз қайтыс болды.

14 адам қызметтік міндетін атқарып жүріп ерлікпен қаза тапты. Мен жаңа ғана бұл адамдардың туысқандарымен кездестім. Өте ауыр әңгіме болды. Жұрт жылап отыр. Үкіметке наразылығын айтып жатыр.


Марқұмдардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деді ол.

Президенттің атап өткеніндей төтенше жағдай саласынша кемшілік көп. Тоқаев осындай апаттарға жол бермеу қажеттігін, сонымен қатар төтенше жағдай болған кезде тиісті шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керектігін тілге тиек етті.

"Біздің жағдайымызда кәсіби салғырттық, адамдардың тағдырына мүлде немқұрайлы қарау байқалды. Қазір бұған тағы да көз жеткіздім.

Ал, қазіргі таңда сапалы, дұрыс жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Мұны мойындауымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл саланың жұмысын түбегейлі жақсарту қажет. Министрлік, оның басшылары өз қызметтік міндеттеріне селқос қарайды. Не істеу керек екенін білмейді. Шұғыл шешімдер қабылдамайды. Сондықтан осындай апаттар орын алып отыр", - деді Мемлекет басшысы.

Айтқандай, экс-Төтенмин Юрий Ильинге тықыр таянды. Толығырақ осы жерде: https://t.me/dalainside/1353

 

 

https://dalanews.kz/bas-takyryp/90377-tuk-istemegen-toqaev-abay-oblysynda

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар