Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады

Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады
Ақорда

18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ, Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.