Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрлық әскерінде ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, ол 2024 жылғы қарашада Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған.