Тоқаев: "Қазақстандағы орыстар? Олар шетқақпай көріп отырған жоқ"

Dalanews 03 мау. 2020 05:48 941

"Комсомольская правдаға" сұхбат берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі орыстардың жағдайы туралы айтты деп хабарлайды Dalanews.

"Қазақстандағы орыстардың құқы қорғалған ба? Олар мемлекеттік қызметте шетқақпай көріп отырған жоқ па?" деген журналист сауалына Тоқаев былай деп жауап берді.


"Қазақстандағы ұлтаралық татулық ішкі саяси тұрақтылықтың негізгі кепілі. Қазақстандықтар өзін өзгеден бөліп жармайды, біртұтас ұлт, біртұтас халық ретінде қабылдайды.





Қазақстанда “ұлттық азшылық” деген ұғым жоқ. 



Елімізде тұратын орыстың саны 3,5 млн-нан асады. Бұл елдегі халық санының 19 пайызы. Осында тұратын орыстар елімізбен біте-қайнасып кеткен, барлық заңды құқықтарды пайдаланып отыр.


Өткенде “Қазақстандағы орыс диаспорасы” деген тіркесті көзім шалып қалды. Қарамағымдағы сарапшылар мен идеологтарға бұдан былай мұндай ұғымды қолданбауды ескерттім. Орыстар Қазақстанның іргесін бірге қаласқан осы елдің ажырамас бөлігі.





Мемлекеттік жұмысқа тұрарда сляван тектес ұлт өкілдерін шеттету үрдісі жоқ. Өз басым бұл ұйғарыммен келіспеймін.



Сляван тектес және өзге де этностар үкіметте, парламентте және басқа да меморгандарда отыр. Орыстар шағын-орта бизнесте, өндірісте, ауыл шаруашылығында шоғырланған", – деді Мемлекет басшысы.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар