Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратында бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Нұржан Қажыақбаров Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылған.

Сондай-ақ Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Жарлыққа сәйкес, ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Геннадий Зуев те Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.