Тоқаев қатысатын Мюнхен конференциясында Ресей агрессиясы сөз болады

Dalanews 12 ақп. 2020 11:55 823

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына шақырту алғанын қазақстандық баспасөз жарыса таратты.

Ол конференцияда НАТО елдері өкілдері оқитын баяндамалардың негізгі тақырыбы "Ресейдің агрессиялық сыртқы саясаты және Батыс елдеріне тікелей қауіп" туралы болмақ, дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты шақыра отырып, америкалықтар мен еуропалықтар енді Қазақстанды "антиресейлік коалицияға" қосып алуға тырысады, деп пайымдайды ол.


Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы алғаш рет 1938 жылы өткізіліп, онда Франция, Италия және Ұлыбритания Гитлермен Шығыс Еуропаны бөліп алу туралы құжатқа қол қойған, оның арты Екінші дүниежүзілік соғысқа әкелді.

1962 жылдан бастап Мюнхен конференциясы жыл сайын өтетін форматқа көшті. 1990 жылға дейін бұл форумға тек НАТО елдерінің әскери және саяси басшылары, КСРО-ның көзін құрту мәселерін талқылайтын саясаттанушылар мен БАҚ өкілдері қатысып келген.

КСРО ыдырағаннан кейін конференцияға Ресей және Шығыс Еуропа елдері, Қытай, Үндістан, Жапония өкілдері қатыстырыла бастады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар