Тоқаев Қарулы күштерге реформа жүргізуді тапсырды

Тоқаев Қарулы күштерге реформа жүргізуді тапсырды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы күштеріне ауқымды реформа жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бейбіт саясат ұстанатын ел болып қала береді және халықаралық мәселелерде дипломатиялық жолдарға басымдық береді. Алайда қажет болған жағдайда мемлекет өз мүддесін қатаң тәсілдермен де қорғауға дайын болуы керек.

Тоқаев қазіргі геосаяси жағдай Қарулы күштерді жаңғыртып, технологиялық тұрғыда күшейтуді талап ететінін айтты.

Осыған байланысты президент армия мен өзге де күштік құрылымдарға екі жыл ішінде терең реформалар жүргізуді тапсырды.