Freedom Inside '26

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті: Брюссельге сапары талқыланды

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті: Брюссельге сапары талқыланды
Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кремльдің мәліметінше, әңгіме барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер қозғалған.

«Халықаралық және өңірлік күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Брюссельге жасаған сапарының қорытындысы бойынша алған әсерімен бөлісті», – делінген хабарламада.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Тоқаевтың халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылау кезінде Брюссельге жуырдағы сапарының нәтижелері туралы пікір білдіргенін жазды.

Әзірге Кремль телефон әңгімесінде талқыланған өзге мәселелер туралы толық ақпарат таратқан жоқ.