Кеңестің құрамынан А.Ұ. Мамин, Е.Ә. Досаев, Б.Б. Атамқұлов, Р.Е. Дәленов, P.M. Исатаев, А.Ә. Әріпханов, А.И. Мырзахметов, Р.Дж. Поллетт, А. Глазенберг, В.Н. Кнауф, А. Брейяк, К. Ульмер-Айлфорт, В.Ю. Алекперов, И. Катаяма шығарылсын, - деп жазылған мемлекет басшысының Жарлығында.
Кеңестің құрамына төмендегі басшылар енгізілді:
- Ғалымжан Пірматов – Ұлттық банктің төрағасы,
- Бақыт Сұлтанов – Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі,
- Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі,
- Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі,
- Қанат Шарлапаев – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша),
- Ардақ Зебешев – Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы,
- Райымбек Баталов – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша),
- Бела Ференци – «Дженерал Электрик» компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы президенті (келісім бойынша),
- Гэри Нейгл - Glencore компаниясының бас директоры (келісім бойынша),
- Уве Кнотцер – Knauf International GmbH компаниясының бас директоры, Knauf Group басқарушы әріптесі (келісім бойынша),
- Николя Терраз – «Тоталь Энерджиз Барлау және Өндіру» компаниясының президенті, «Тоталь Энерджиз» концерні атқарушы комитетінің мүшесі (келісім бойынша),
- Кирсти Хелен Уилсон – «Бейкер Макензи» жаһандық атқарушы комитетінің мүшесі, «Бейкер Макензи Интернэшнл» директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
- Вадим Воробьев – «Лукойл» жария акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша),
- Тецуя Шинохара – «Митцубиси» корпорациясының аға вице-президенті, жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің бас директоры (келісім бойынша);
Мына:
- Әлихан Смайылов – Премьер-министрдің бірінші орынбасары,
- Роман Скляр – Премьер-министрдің орынбасары,
- Тимур Сүлейменов – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары,
- Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі,
- Ерұлан Жамаубаев - Қаржы министрі
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
- Әлихан Смайылов – Премьер-министр,
- Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары,
- Тимур Сүлейменов – Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары;
- Мұхтар Тілеуберді – Премьер-Министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі,
- Ерұлан Жамаубаев - Премьер-Министрдің орынбасары - қаржы министрі.
Еске сала кетейік, Асқар Мәмин 2019 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр қызметін атқарған, ал Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған еді.
https://dalanews.kz/sadak/79705-bashqurttar-qyrylyp-zhatyr-putin-bizdi