Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салу жөніндегі түзетулерге қол қойды

Қаракөз Амантай 30 жел. 2025 16:15

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Парламенттегі талқылаулар барысында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ЛГБТ өкілдеріне жататынын мойындау Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқық нормалары бойынша құқықбұзушылық болып саналмайтынын атап өтті. Сондықтан бұл үшін жауапкершілік көзделмейді.

Оның айтуынша, жауапкершілік тек мұндай қатынастарды насихаттаған жағдайда ғана қарастырылады. Вице-министрдің мәліметінше, аталған норма Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы емес.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов та түсіндірме берді. Оның сөзінше, ЛГБТ насихатына қатысты арнайы жаза түрлері енгізілмейді. Бұл әрекет "құқыққа қарсы контент тарату" ретінде бағаланады.

Қолданыстағы нормаларға сәйкес:

  • мұндай контент таратқандарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады;
  • қайталанған жағдайда 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар