Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы жоғары лауазымды тұлғалардың протоколдық мәртебесін бекітті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы” Тоқаевтың 13 ақпандағы Жарлығы күшіне енді.
Ішкі мемлекеттік іс-шараларда Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының протоколдық мәртебесі:
1. Президент
2. Премьер-министр
3. Сенат төрағасы
4. Мәжіліс төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің басшысы
7. Экс-президенттер
8. Конституциялық сот төрағасы
9. Жоғарғы сот төрағасы
10. Ұлттық банк төрағасы
11. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
12. Бас прокурор
13. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
14. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
15. Президент Іс басқарушысы
16. Премьер-министрдің орынбасарлары (тағайындалған күніне қарай)
17. Президент көмекшілері (тағайындалған күніне қарай)
18. Президент Канцеляриясының меңгерушісі
19. Жоғары сот кеңесінің төрағасы
20. Жоғары аудиторлық палата төрағасы
21. Сенат төрағасының орынбасары
22. Мәжіліс төрағасының орынбасары
23. Ішкі істер министрі
24. Қорғаныс министрі
25. Сыртқы істер министрі
26. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
27. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы
28. Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күніне қарай)
29. Үкімет Аппаратының басшысы
30. Министрлер (тағайындалған күніне қарай)
31. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдері (тағайындалған күніне қарай)
32. Президент кеңесшілері
33. Президенттің арнайы өкілдері
34. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
35. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарлары
36. Президенттің протокол қызметінің бастығы
37. Президенттің баспасөз хатшысы
38. Конституциялық сот төрағасының орынбасары
39. Парламент депутаттары (мемлекеттік тілдегі әліпби тәртібімен)
40. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы
41. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
42. «Алтын Қыран» орденінің иегерлері, сондай-ақ «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғалар
43. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күніне қарай)
44. Конституциялық сот судьялары (тағайындалған күніне қарай)
45. Жоғарғы сот судьялары (тағайындалған күніне қарай)
46. Төтенше және өкілетті елшілер (тағайындалған күніне қарай)
47. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
48. Сот әкімшілігінің басшысы
49. Ұлттық компаниялардың басшылары
50. Басқа саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
51. Қазақстандық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары
Халықаралық іс-шараларда Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының протоколдық мәртебесі:
1. Президент
2. Премьер-министр
3. Сенат төрағасы
4. Мәжіліс төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің басшысы
7. Экс-президенттер
8. Сыртқы істер министрі
9. Конституциялық сот төрағасы
10. Жоғарғы сот төрағасы
11. Ұлттық банк төрағасы
12. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
13. Бас прокурор
14. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
15. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
16. Президент Іс басқарушысы
17. Премьер-министрдің орынбасарлары (тағайындалған күніне қарай)
18. Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі
19. Президент көмекшілері (тағайындалған күніне қарай)
20. Президент Канцеляриясының меңгерушісі
21. Төтенше және өкілетті елшілер (тағайындалған күніне қарай)
22. Жоғары сот кеңесінің төрағасы
23. Жоғары аудиторлық палата төрағасы
24. Сенат төрағасының орынбасары
25. Мәжіліс төрағасының орынбасары
26. Қорғаныс министрі
27. Ішкі істер министрі
28. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
29. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы
30. Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күніне қарай)
31. Үкімет Аппаратының басшысы
32. Министрлер (тағайындалған күніне қарай)
33. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдері (тағайындалған күніне қарай)
34. Президент кеңесшілері
35. Президенттің арнайы өкілдері
36. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
37. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарлары
38. Президенттің протокол қызметінің бастығы
39. Президенттің баспасөз хатшысы
40. Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімі меңгерушісі
41. Сыртқы істер министрінің орынбасарлары
42. Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол қызметінің бастығы
43. Конституциялық сот төрағасының орынбасары
44. Парламент депутаттары (мемлекеттік тілдегі әліпби тәртібімен)
45. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы
46. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
47. «Алтын Қыран» орденінің иегерлері, сондай-ақ «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғалар
48. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күніне қарай)
49. Конституциялық сот судьялары (тағайындалған күніне қарай)
50. Жоғарғы сот судьялары (тағайындалған күніне қарай)
51. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
52. Сот әкімшілігінің басшысы
53. Ұлттық компаниялардың басшылары
54. Басқа саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
55. Қазақстандық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары